Еркін Тапалов «Қайраттан» кетті.
"Қайрат" футбол клубы Еркін Тапаловтың келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кететіні туралы хабарлайды.
Фото: «Дикая Пуля»
Алматылық «Қайрат» клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапаловпен қоштасты. Тараптар келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты ынтымақтастықты тоқтатты.
Тапалов 2025 жылдың басында алматылық клубтың қатарына қосылып, Қостанайдың «Тоболынан» ауысқан болатын. «Қайрат» сапындағы екі маусымда футболшы Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды.
Қорғаушы командамен бірге еурокубоктардағы тарихи кезеңді бастан өткерді. Атап айтқанда, «Қайраттың» Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығуына үлес қосты.
Алматылық клуб сапында Еркін Тапалов барлық турнирде 68 матч өткізіп, екі гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.
Футболшының «Қайрат» жейдесіндегі соңғы ойыны ерекше есте қалды. 26 қарашада швециялық «Мьельбюге» қарсы кездесуде Тапалов матчтағы жалғыз голды соғып, командасына 1:0 есебімен жеңіс сыйлады. Бұл жеңіс алматылық клубтың еурокубоктың негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңісі болды.
Осылайша, Еркін Тапалов «Қайрат» сапындағы соңғы кездесуін жеңіс голымен аяқтады.
Қазіргі уақытта футболшының мансабын қай клубта жалғастыратыны туралы ресми ақпарат жоқ.